Елімізге саяхаттап келетін шетелдіктер саны артып жатыр. Мәселен былтыр алыс-шақын мемлекеттерден тұмса табиғатымыз бен әсем жерлерімізді көру үшін 15 млн-нан астам турист келген. Туризм әлеуетін арттыруға бағытталған Алматыдағы халықаралық көрмеде осындай ақпараттар айтылды. Шараға 31 елден 500-ден астам компания қатысып жатыр. Венгрия, Вьетнам, Грузия, Мысыр, Мальдив аралдары, Таиланд, Оңтүстік Корея сынды мемлекеттердің туристік, сақтандыру компаниялары мен қонақ үй желілері қызмет ұсынудағы озық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ медициналық туризм, цифрлық виза мен жаңа әуе бағыттары сөз болды. Көрме аясында еліміздің туристік әлеуетін таныстыратын стендтер де ұсынылды.
Даниел Сержанұлы, «Kazakh tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Бізге туризм дамымай жатыр деп бейнелі сұрақ қоя береміз, туризмді дамыту көрсеткіштері өсіп жатыр, келетін туристер саны өсіп жатыр, туризмнің экспорты өсіп жатыр, былтыр 2,6 АҚШ доллар болды. Көрсеткіштердің өсіп жатқаны туризмнің дамуын көрсетеді.
Жазира Оразқызы
