Жазушы, белгілі журналист Сауытбек Әбдірахмановтың «Абыз Әбіш» кітабы орыс тілінде жарық көрді. 8 томдық туындыда көрнекті жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өмірі, шығармашылығы баяндалған. Кітаптың таралымы 1 мың дана. Басым бөлігі Ресейге жеткізілмек. Әсіресе Мәскеудің барлық дерлік кітапханасына таратылады. «Бұған дейін орыс тілді оқырман Әбіш Кекілбайұлының туындыларын оқыған емес. Сондықтан бұл туынды халқымыздың кемеңгер жазушысын әлемге әйгілей түседі», - дейді автор.
Сауытбек Әбдірахманов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
Кітаптың негізгі ерекшелігі – Әбіш Кекілбаевты философ, ойшыл, культуролог ретінде танытатыны. Осы сегіз тарау Кекілбаевтың 10 жылдығының 8 қырына арналған. Демек, орыс тілді оқырман Әбіш Кекілбаевты жаңа қырынан тани алады деген сөз.
Жанель Өтеулі
