Оралда ер адамды бопсалаған колледж студенттері ұсталды. Жәбірленуші жігіт әуелі әлеуметтік желіде бір қызбен танысады. Кейін қыз оны үйіне шақырады. Ол келісіп, пәтерге кірген бойда үш жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа алып шығады. Өздерін «қыздың ағасымыз» деп таныстырып, ақша талап етеді. Телефонын алып, ондағы банк қосымшасынан өздеріне ақша аударып алады. Облыстық полиция Департаментінің қызметкерлері күдіктілерді ұстап, қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандардың төртеуі колледж студенттері, олардың бірі кездесуге шақырған қыз бала. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
