Петропавлда «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Табиғаттың ғажайып келбеті» атты экологиялық шара ұйымдастырылды.
Акцияға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Олар Қазақстанның ең көрікті жерлері туралы материалдар жинап, бір бірімен бөлісті. Ең үздіктері естелік сыйлықпен марапатталды.
Нұрзат Әлжанова, кітапханашы:
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту, экологиялық мәселелер туралы ақпараттармен бөлісу арқылы табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Эльмира Кәленова
