Алматыдағы орталық зират аумағы қоқыстан тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы орталық зират аумағы қоқыстан тазартылды

24.04.2025

Алматыдағы орталық зират аумағы қоқыстан тазартылды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікке жастар мен экобелсенділер қатысты. Мақсат – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, - дейді ұйымдастырушылар. Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасында зираттың сыртқы және ішкі тазалықтарына мән беріліп, қалдық заттар мен қоқыс шығарылды.

Әкежан Бақытұлы, Жетісу аудандық комьюнити орталығының жетекшісі:

Өйткені орталық зиратта ҰОС ардагерлері, тыл тардагерлері, сонымен қатар, қазақтың біртуар азаматтары жерленген. Сондықтан осындай жерлерде табиғи мұраны сақтау мақсатында біздің жастарымызбен бірге тазалық жұмыстарын, қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге тырысамыз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу