АҚШ-тың Украинаға берген көмегінің жалпы сомасы - 105 млрд доллар. Әр доллар құжатта бекітілген. Украина президенті Владимир Зеленский америкалық журналист Бен Шапироға берген сұбатында осылай деп мәлімдеді. «Миллиардтаған доллар жәрдемнің көбі қару-жарақ түрінде берілді»,-деді Зеленский. Бұған қоса Украина президенті қарудың бір бөлігі басқа жерге жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Құрама Штаттар да, Украина да бұл көмек жөнімен пайдаланылды ма, жоқ па деген мәселеге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
Арай Төлегенқызы
