Шығыс Азия қарқынды дамып келе жатқан аймақ болғанымен, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы геосаяси жағдайды шиеленістірмек. Бұл туралы Таяу Шығыс, Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Орталық Азиядағы аймақтық мәселелерді талқылаған жиында айтылды. Ал Таяу Шығыс ең тұрақсыз аймақ. Мұнда көптеген этникалық, діни және саяси текетірестер күшейе түскен. Сондықтан Шығыстану саласы – елдердің тек қана тіл мен мәдениетін зерттеумен шектелмей, мемелекеттер арасындағы қарым-қатынастарды реттеуде, халықаралық келіссөздер жүргізуде маңызды рөл атқарады, - деді шараға қатысушылар.
Самал Төлеубаева, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының профессоры:
Бүгінгі Халықаралық ғылыми конференция ЕҰУ-дың шығыстану кафедрасының 25 жылдығына арналып отыр. Қазір бізде бірнеше ғылыми бағыт қалыптасты. Ол классикалық бағыттар. Мысалы Қазақстан тарихын шығыс тілдерінде жазылған деректер арқылы таныту, сонымен қатар шығыс елдерінің іргелі мәселелерін зерттеу де біздің кафедрада жүргізіледі.
Ақниет Балтанова
