Ресми статистика бойынша қазір жалпы ел аумағының 33 пайызы яғни 90 миллион гектар жер құнарынан айырылған. Ауыл шаруашылығы бағытындағы тағы 29 миллион гектар аумақтың тиімділігі кеміп, мол өнім бере алмайтын жағдайға жеткен. Ал шығыстағы егістік пен жайылмдықтың қазіргі жағдайын сала мамандарынан тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты.
Қырық жылға жуық агроном болған Анатолий Фроловтың айтуынша ауыл шаруашлығы жері негізінен екі жағдайда тозады.Әуелі химиялық улы заттарды шамадан тыс қолдану. Екіншіден жердің құнарын алатын дақылдарды жыл сайын өсіру.
Анатолий Фролов, ғалым-агроном:
Қазір шаруашылықтардың көбі ауыспалы еігістік дегенді ұмытты.Көбісі тез пайда табатын, шығын шықпайтын дақылдарды өсіреді. Мәселен күнбағыс бидайға қарағанда жерден құнарды 16 есе көп алады. Үш жыл қатарынан күнбағыс ексең жер өзінен-өзі тозады. Құнары қайта қалпына келу үшін ондаған жылдар қажет. Бұл мүлде дұрыс емес. Қазір жерге қадағалау жоқ.
Қадағалау болмаған соң әсіресе ұсақ шаруашылықтар әлі не ексең, соны орасың деген қағидамен жүр.Ал бүкіл ел бойынша жыл сайын қанша шаруа ауыспалы егістік ережесін сақтайтыны туралы нақты ақпарат тағы жоқ.
Былтыр ауыл шаруашылығы министрлігі «жерді зерттеп-қарау жұмастарын жүргізу» деген институт құрып әр облыста бөлімін ашқан.Мекеме 5 бағытта жұмыс істейді. Зертханасы да бар. Ондағы мамандар әр аудан мен ауылдағы егіс алқабынан әкелінген топырақтың құрамы мен құнарын зерттейді.
Бес грамм топырақтың ішінде қаншасы, шаң құм, тасекенін анықтап береміз. Топырақтың қандай түріне жазатынын шығарып береміз.
Шығарылған зерттеу нәтижесі көңіл көншітпейді. Шығыста жалпы ауыл шаруашылығы бағытында 3,6 миллион гектар жер бар. Бүгінге дейін мамандар 500 мың гектар жердің деградацияға ұшырағанын анақтаған. Оның 240 мың 800 гектары жауын суымен шайылып тозса, тағы 257 мың гектары жел мен қуаңшылықтан құнарын жоғалтқан. Биыл институт мамандары тағы 3,5 миллион гектар жерді зерттеп электрондық картаға енгізбек.
Тұрмахан Жаңабев, «Жерді зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» РМК департамент директоры:
Біздің Қазақстанда далалық аймақ дейміз 742 топырақтың түрі бар.Барлығына жаппай деградациямен күресемміз деп, барлығына бірдей жұмысты біз енгізе алмаймыз. Өйткені әр жерге құм жылжып келе жатқан жерге көпжылдық шөптер егіп, ағаш, сексеуіл өсіріп тоқтатуға болады.
Мемлекет қазір пайдаланбаған жерді қайтарып алады. Ал қарамағындағы жер тозып яғни деградация мен эрозияға ұшыраса оған заңда жауапкершілік қарастырылмаған.
Динара Асқарбекова, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы:
Жер пайдаланушыларға хабарландырау беріледі. Бірақ мұнымен жұмыс тоқтамайды.Жыл соңына дейін тағы да тозған жерлерді анықтап жер пайдаланушыларға хабралама беріп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған жұмыс жасалсын деген қажеттілікті атап айтамыз.
Қазір Парламент Мәжілісінде «топырақты қорғау туралы» заң жобасы жасалып жатыр. Аграном-ғалымдар осы заңға үміт артып отыр. Өйткені қара жердің құнарын құртпай сақтау туралы сол құжатта жан-жақты жазылған.
Олжас Керейхан
