Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Жеңіс Эстафетасы» Семей қаласынан Жетісу облысына табысталды. Салтанатты рәсім барысында Үшарал қаласындағы мемориалды кешенге гүл шоқтары қойылып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Көпшілік соғыста қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алды.
Руслан Керімқожаев, ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің офицері:
Бұл шара ерлік пен елдіктің, тарих пен тағылымның жалғасып жатқан жарқын көрінісі. Жеңіс эстафетасы біраз облыста әскери патриоттық іс-шаралармен жалғасып, халқымыздың бірлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігін паш етуде.
Дамир Нұрмұхамед
