Рим папасы Францискті жерлеу рәсіміне 200 мыңдай адам жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рим папасы Францискті жерлеу рәсіміне 200 мыңдай адам жиналды

27.04.2025

Рим папасы Францискті жерлеу рәсіміне 200 мыңдай адам жиналды. Солардың қатарында президенттер, премьер-министрлер, монахтар, шіркеу қызметкерлері, мигранттар, үйсіздер, тіпті сотталғандар болды.  

АҚШ президенті мен Украина президенті де барған. Олар осы рәсім қарсаңында қысқа кездесу өткізді. Міне, мына фотода екеуінің 28 ақпанда Ақ үйде тәжікелесіп қалғандағыдай емес, бір-біріне емініп, бір-бірін жақсы түсініп отырған сияқты көрінеді.    

15 минутқа созылған кездесуді В.Зеленский «символдық мәні бар» деп сипаттады. Украина президенті телеграм-арнадағы парағында «Жақсы жүздесу. Бетпе-бет отырып көп дүниені талқылап үлгердік. Нәтижелі болады деп үміттенеміз. Біздің адамдардың өмірін қорғау. Оқ атуды шартсыз, түпкілікті тоқтату. Соғыстың қайта тұтанбауына кепіл беретін мызғымайтын бейбітшілік. Егер ортақ нәтижеге жетсек, символдық мәні бар тарихи кездесу. Рақмет, президент Дональд Трамп!» деп жазды.

Ал Ақ үйдің пікірін коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг жеткізді. Ол «Өте жемісті кездесу» деп сипаттап, бүге-шігесіне соңыра тоқталатындарын айтты.

Қасиетті Петр шіркеуінде түсірілген тағы бір фото бар. Онда Д.Трамп, В.Зеленский, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер тұр.

Мән беретін деталь – Укранина президентімен кездескеннен кейін Д.Трамп өзінің әлеуметтік платформасында жазба қалдырды, соңында бүйдеген: «Соңғы күндері қарапайым адамдар тұратын аудандарды, үлкен және шағын қалаларды зымырандармен атқылайтындай Путинде ешқандай себеп болған жоқ. Бұл, мүмкін ол соғысты тоқтатқысы келмейтін шығар, мені алдаусыратып отырған болар, сондықтан онымен басқаша сөйлесу керек шығар? «Банк секторы» немесе «қосымша санкциялар» арқылы? - деген ойға жетелейді. Тым көп адам өліп жатыр!»  

Кремьлге келсек, президентінің баспасөз хатшысы Д. Песков, Ақ үйдің өкілі С.Уиткоффпен кездесуі кезінде Путин Украинамен ешқандай шартсыз атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдегенін айтты. Песковтің сөзінше Путин мұны «талай айтқан» көрінеді.

Алайда бұл «Айтып отыр ғой, оқ атуды шартсыз тоқтатуға дайын, демек мәмілеге келеді» дегенді білдірмейді. Соғысты тоқтатуға бейіл дегеннен гөрі саяси сауданы одан әрі қыздыруға құштар деген келетін сияқты.

Хабарламаларға жазылу