Қарағанды облысындағы Айнабұлақ ауылының маңында табиғи өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы Айнабұлақ ауылының маңында табиғи өрт шықты

28.04.2025

Қарағанды облысындағы Айнабұлақ ауылының маңында табиғи өрт шықты. Қарқаралы ауданына тиесілі Бақты орманшылығының ашық жатқан алқабында құрғақ шөп өртенген.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 157 құтқарушы, 26 арнайы техника, 1 дрон және 4 тікұшақ жұмылдырылды. Әуе техникасымен су шашу жұмыстары кеше күні бойы тоқтаусыз жүргізіліп, өрт оқшауланды. Қазіргі таңда құтқарушылар сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Маңайдағы елдімекенге келер қауіп жоқ.

Жандос Бақытұлы



Хабарламаларға жазылу