Батыс Қазақстан облысында прокуратура мектеп асханасында ас мәзірі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Атап айтқанда, Сырым ауданындағы білім ұяларында оқушыларға берілетін тамақ көлемі жетіспеген.
Аудандық білім бөлімі 72 млн теңгеге 9 конкурс жариялаған. Кәсіпкерлер 1-4 сыныпта оқитын 1 250 баланы ас-ауқатпен қамту керек болған. Алайда қолданыстағы ереже талаптары өрескел бұзылған.
Ардақ Мұратқызы
