Қызылорда облысы, Арал ауданында «Таза Қазақстан» экоакциясына он мың оқушы қатысты. Ауқымды сенбілікке 2 мыңға жуық ұстаз бен ата-ана да атсалысты.
Аралдық балалар шет аумақтан бастап, аллея мен демалыс орындарында шашылған қоқыстарды жинап, айналаны тез тазартып шықты. Бүгінде жастар туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, тазалық мәдениетін қалыптастырып келеді. Алдағы күндері ауыл-аймақтарда да мұндай сенбіліктер жиі ұйымдастырылмақ.
Әділбек Серікұлы
