Бүгін Шерзат ісіне қатысты сотта төрт куәгерден жауап алынды. Отырысқа марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы қатыса алмады. Ал куәгердің жауабына прокурорлар күмәнмен қарады.
Дана Сәрсенбай, мемлекеттік айыптаушы:
Құрметті сот, біз сол ұстанымымызда қаламыз. Куә Нұрбекова қазіргі таңда жалған айғақ беруде.
Ержан Құрақбаев, мемлекеттік айыптаушы:
Құрметті сот, мына куә Нұрбекованың берген жауаптарына сәйкес. Тергеу барысында қандай да бір шешім қабылданбаған.
Оқиғаға куә болған Эльмира Нұрбекованың бұған дейін тергеушіге берген жауабы мен бүгінгі соттағы жауабы бір-бірімен жанаспады. Сондықтан Сот төрағасы Ержан Жанұзақов бұл мәселені ашық күйінде қалдырды. Алғашқы тергеп-тексеруде мемлекеттік тілде жауап берген куәгер бүгінгі сот отырысында аудармашының көмегіне жүгінді. Сондай-ақ куәлік етуші оқиға орнында кісі өлімі болғанын кейін білгенін айтты.
Эльмира Нұрбекова, куәгер:
Мен, әрине, басында шынымен оқиға соңы қаза болатынын білмедім. Оны тек аудандық ішкі істер бөлімінде білдім. Бізге жасөспірім қайтыс болды деп айтқан соң ғана түсіндік.
Ал екінші куәгер Дана Жақсыгелдінің сөзінше, Нұрғанат Ғайыпбаев мылтықпен от атқан. Кейін сол қаруды Абзал Шынасылдың көлігінен көргенін айтты. Ас үй пышағына ұқсас затты сотталушының қолынан байқаған. Бастапқы да мән бере қоймағанымен, артынша пышақ екеніне көз жеткізген.
Дана Жақсыгелді, куәгер:
Абзал менен көліктің қақпағында тұрған дизиді бере салшы деп сұрады. Ол еңкейіп тұрған болатын. Қолын сүртіп тұрғандай, бірдеңе істеп тұрғандай болды. Дизиді алып келе жатқанда құя салшы деді. Сомен құйдым дизиді. Басында байқаған жоқпын, кейін пышақтың жүзін байқадым.
Абзал Шынасыл маған оқиға жайлы тіс жармауымды айтты. Куәгерлердің бірі - Арлан Қазыкенов сотта осылай деді. Сөзінше, оқиға орнына оны Нұрқияс Ілиясов шақырған. «Мәселеге араласпайсың, тек көлігіңмен тауға жеткізсең болды»,-деп өтінген. Бүгінгі процесте осылайша 4 куәгерден жауап алынды. Келесі сот отырысы ертең жалғасады.
Дамир Нұрмұхамет
