Оңтүстік Кореяда орман өрті қаулады. Екі сағаттан аз уақытта тілсіз жау 50 гектар жерді шарпыған. Билік 1200 тұрғынға қауіпсіз жерге көшу туралы бұйрық берді. Екпінді жел мен құрғақ ауа-райы жалынның тез тарауына ықпал етіп отыр. Өртті сөндіруге 26 тікұшақ пен 200-ден астам маман тартылған. Наурызда осы елде болған алапат өрттен 30-ға жуық адам қаза тауып, тарихи ғибадатханалар қираған еді.
Арай Төлегенқызы
