Қостанай облысында жыл басынан бері 510 бас ірі қарадан бруцеллез анықталған. Соңғы жағдай Меңдіқара ауданы Қызылту ауылында тіркелді. 132 бастан сынама алынып, оның бесеуі оң нәтиже көрсеткен. Індет анықталған ауылға шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бұған дейін ауру ошақтары Әулиекөл, Қарабалық аудандарында тіркелген. Қазір мамандардың айтуынша, облыста эпизоотикалық жағдай тұрақты.
Аяз Дәненов, ветерринария басқармасының бас маманы:
Республикалық эпизоотикалық мамандары әр 15-20 күн сайын қан алып отырады, екі теріс нәтижеге дейін. Ірі қара малдан және бір теріс нәтижеге дейін бір сезімтал жануарлардан: ұсақ мал, жылқы, шошқа. Қазіргі таңда бір ошақта сауықтыру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Ал Солтүстік Қазақстан облысында бруцеллез 68 бас малдан анықталды. Оның 58-і Есіл ауданындағы Бірлік ауылында тіркелді. Елдімекенде шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес сыртқа мал және мал өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Барлығы Есіл, Қызылжар, Ақжар және Айыртау аудандарында инфекция ошағы тіркелді. Қауіпті аймақта дезинфекциялық шаралар жүзеге асырылуда.
М.Нағашыбай, Э.Кәленова,
