Сауалнамаға қатысу үшін екі тәсіл ұсынылады:
1. eGov мобильді қосымшасы арқылы:
Порталға кіріп, басты бетте орналасқан «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» батырмасын басып, кітап ұсыну бетіне өтесіз. Сол жерде өзіңіз таңдаған 10 үздік кітаптың атауы мен авторын енгізіп, «Дайын» батырмасы арқылы сауалнаманы аяқтайсыз.
2. QR-код арқылы қатысу:
Экранда көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы кітап ұсыну бетіне тікелей өтуге болады.
Сауалнама үш ай бойы жүргізіледі.
Сауалнама нәтижелері 10 тамыз күні, Абай күніне орай жарияланады.
Жобаның бас ақпараттық серіктесі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
