«Кітап пен парашют дер кезінде ашылмаса пайдасыз», - дейді америкалықтар. Кей шығарма адамға дәл уақытында жолығады. Өмірін өзгертуге ықпал етеді. Тіпті автормен біте қайнасып, жанына жақын жанмен сырласып отырғандай ерекше әсерге бөленетін сәттерде аз емес. Ал жалпы бүгінгі оқырман кімді оқып жүр? Сүйікті авторыңыз кім? Тұрғындардан сұрап көрдік.
Еске салайық, төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр.
«100 кітап» ұлттық сауалнамасына қатысу үшін е-Gov Mobile қосымшасын жүктеп, порталға кіресіз. Басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге ұнайтын үздік 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз - Абай күнінде жарияланады. Сауалнаманың мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Ернұр Медет
