Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Волгагрдта өткен «Ұлы мұра – ортақ болашақ» халықаралық форумында сөз сөйледі. Бұл жиын Жеңістің 80 жылдығына арналды. Форумға Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Сербия, Словакия және басқа да елдердің Парламент делегациялары қатысты. Мәжіліс спикері Сталинград майданында үш жүз мыңнан астам қазақстандық жауынгер ерлікпен шайқасқанын еске салды. Солардың төртеуі – Нұркен Әбдіров, Қарсыбай Сыпатаев, Тимофей Позолотин және Ғаяз Рамаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Мамаев қорғанындағы еске алу іс-шараларына қатысты.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Біз осынау қасиетті жерде Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл Жеңіс – дүниежүзілік маңызы зор тарихи оқиға. Соғысты, қаһармандарды, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөзін айтқым келеді. Ол: «Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды».
Темірлан Нұржанұлы
