Жастар әлеуметтік маңызы бар үздік жобаларды ұсынды. Жыл сайын өтетін Энактус Қазақстан кубогында студенттер мен оқытушылар өз бастамаларын ұсынып, бақ сынасып жатыр. Әр жобаның әлеуметтік маңызы және толық құрылған кәсіпкерлік моделі болуы шарт. Жарысқа қатысуға елдің 20 өңірінен 230 өтінім түскен. Үздіктерін қазылар алқасы бүгін анықтайды. Жеңімпаз команда ел намысын Таиландта өтетін Әлем чемпионатында қорғамақ.
Темірлан Нұрсолтан
