Алматыда А.Жұбановтың құрметіне мәдени шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда А.Жұбановтың құрметіне мәдени шара өтті

30.04.2025

Биыл музыка зерттеушісі, ғалым Ахмет Жұбановтың туғанына 119 жыл. Осыған орай ұлы композитордың құрметіне Алматыда мәдени шара өтті.

Концерт камералық оркестрдің сүйемелдеуімен, әйгілі музыканттың шөбересі, пианист Карина Измаилованың «Арнау» шығармасымен басталды. Жас музыкалық ұжымның қазір өзіндік ерекшелігі, шығармашылық қолтаңбасы қалыптасып келе жатыр. Оркестрге халықаралық байқаулардың лауреаты Аршат Шәріп дирижерлік етті. Таланттар талғампаз көрермен үшін «Қаракемер», «Біржан Сара», «Дудар айды» жаңа леппен орындады. Сондай-ақ шара барысында камералық оркестрдің репертуарындағы шығармалар топтасып, жинақ түрінде көпшілікке таныстырылды. Жаңа туынды «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында басылып шыққан.

Карина Измаилова, пианист, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

Концерттің бағдарламасы, жаңа жинақ қазақтың композиторларының таңғажайып туындылармен толыққан. Сахнада өнер көрсететін жас музыканттар – Жұбанов мектебінің оқушылары. Мен «Арнауымды» атамның «Елім-ай» шығармасын негізге ала отырып жаздым. Бұл – ұлы композитордың өмірін зерделей отырып дүниеге келген туынды.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу