Еліміз бойынша «Таза бейсенбі» мерекелік акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша «Таза бейсенбі» мерекелік акциясы өтті

01.05.2025

Каспий теңізінің жағалауынан бастап, Іле Алатауының шатқалдарына дейін көше мен аула, тарихи ескерткіштер мен табиғи аумақтар тазаланды. Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Amanat» партиясы ауқымды «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірін қамтыған тазалыққа он мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында партия белсенділері мен жақтастары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мәслихат депутаттары, «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері және табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтар бар.

Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Мемлекет басшысының өзі айтқандай бұл «Таза Қазақстан» күнделікті бәздің әдетімізге айналуы керек. Ол айналамызға деген, жұмысымызға деген жауапкершілік. Осы біздің Қазақстан атты шаңырақтың астында бірге өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдері достық, бірлік ағаштарын отырғызып жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу