Қостанайда түрлі этнос өкілдері Бірлік күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда түрлі этнос өкілдері Бірлік күнін атап өтті

01.05.2025

Қостанайда сан түрлі ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған «Достық» үйінде «Бірлік күні» тойланып жатыр. Өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, оқушылар арасында көркем сөз оқудан жарыс өтті. Жәрмеңкеде әр этнос тұрғындарға ұлттық тағамдарын таныстырып, көпшілік дәм татты. Түскен қаражаттың барлығы қайырымдылық қорына аударылмақ.

Наталья Рамазанова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

Қазақстан халқының бірлігі күні мен үшін ерекше мерекенің бірі. Егер бір адам екінші адамды жақсы түсінсе, онда әлемді өзгертуге болады. Ал бүгінгі күнде бейбіт аспан астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Барша қазақстандықтарға тілейтінім егемен еліміздің іргесі мықты, қыздарымыз қайратты, ұлдарымыз өжет, халқымыз қаһарман болсын!

Ал, Қарағанды қаласында орталық алаңға жиналған жұртшылық таңнан бері этномәдени бірлестіктер мен өнерпаздардың өнерін тамашалауда. Өңірде қазір 100-ден аса этнос татулықты ту етіп, бейбіт өмір сүріп келеді. 60-қа тарта этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді.

Мадина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу