Сирияда друздар мен сүнниттер арасындағы қақтығыстан ондаған адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда друздар мен сүнниттер арасындағы қақтығыстан ондаған адам қаза тапты

02.05.2025

Сирияның оңтүстігіндегі Сахная қаласында друздар мен сүнниттік қарулы топтар арасындағы қақтығыстан осы аптада 100-ден астам адам қаза тапты. мұны Сирия Адам құқығы жөніндегі обсерваториясы хабарлады. Сонымен қатар қауіпсіздік күштері тарапынан ондаған қызметкер мерт болған.

Дінаралық жанжал 29 сәуірде друздар көп шоғырланған Джамарана ауданында басталды. Оған Мұхаммед пайғамбарды қарғаған аудиомәлімдеменің тарауы түрткі болған.

Джамаранада атысты тоқтату туралы келісім жасалған. Ал Сахнаяда сәрсенбі күні шабуылдар жалғасқандықтан, оған Ішкі істер министрлігінің жүздеген жауынгері кіргізілді.

Айта кетсек, друздар – шииттік исламның исмаилиттер тармағының бір сектасы саналады. Дүниежүзіндегі 1 миллионға жуық друздың жартысынан көбі осы Сирияда тұрады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу