«Қаллеки» театры Шекспирдің «Отеллосын» сахналады. Қойылымның премьерасы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Спектакльдің режиссері - Қазақстанның Халық әртісі Талғат Теменов. Отеллоны Қуандық Қыстықбаев, Дездемонаны Ақмарал Танабаева, ал Яго рөлін Нүркен Өтеуілов сомдады.
Туынды Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арнап қойылды. Оны дайындауға 4 айға жуық уақыт кеткен. Бір адамның тағдыры арқылы күллі адамзаттың жан дүниесін танытқан Шекспирдің шығармасын тамашалауға келгендер көп болды. Сахнаның безендірілуі де қойылымға сай. Айта кетейік, «Отеллоны» қазақ тіліне аударған - ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қаллеки» театры «Отеллоны» сахналады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/21214/)