Комедиялық жанрға негізделген кинотуындының басты ерекшелігі ұлттық тәрбиелік және танымдық негізге құрылған. Қазіргі өмір тұрмысын суреттеген фильмнің мақсаты - қазақты бірлікке шақырып, ұлт ретінде ұйыстыру. Яғни, әр қазақ менің жалғызым деген ұстаным көркем туындының өн бойынан көрініс табады.
Ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту арқылы патриоттық сезімді оятып, отаншылдық сана қалыптастырады. Сондықтан, алғашқы көрсетілімді талғампаз көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Ал, кинотанушылар әрбір кейіпкерді сомдаған актерлердің шеберлігіне жоғары баға берді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Шабдалы» көркем фильмі көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/21440/)