«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының «Шет тіліндегі ең үздік фильм» аталымына үміткер. Кино әлеміндегі ең биік марапаттың тізімге 87 елдің кинотуындысы еніп отыр. Байқау соңында аталмыш номинацияны 5 кинокартина жеңіп алады. Оның қорытындысы қаңтардың 22-де белгілі болмақ. Ал марапаттау салтанаты ақпан айында «Оскардың» 91- рәсімінде өткізіледі.
Айта кетейік, «Айка» фильмі Мәскеуге жұмысқа барған қырғызстандық жас эмигрант жөнінде. Ондағы басты рөлді жерлесіміз Самал Еслямова ойнады. Режиссері - Сергей Дворцевой. Ал мамыр айында Самалдың өзі «Канн» фестивалінің «Үздік актрисасы» атанған еді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Айка» фильмі «Оскар» сыйлығына үміткер&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/21591/)