Алматыда деректі фильмдер фестивалі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда деректі фильмдер фестивалі аяқталды

22.10.2018

Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалінің қазақстандық бағдарламасы аяқталды. Шарада Түркия, Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Кипр, Өзбекстан, Башқұртстан, Татарстанның үздік туындылары таныстырылды. Қазіргі әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызы зор тақырыптар әр фильмге арқау болған. «Фестивальдің түркітілдес елдер үшін зор әлеуметтік әрі мәдени маңызы бар», - дейді ұйымдастырушылар. 

Мендерес Дэмир, Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті, ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

- Қазақстан алдымен әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Нұрсұлтан Назарбаевтың отаны. Сонымен қатар, Қазақ елі бүкіл түркілердің қара шаңырағы. Сондықтан, ол біздің де Отанымыз болып келеді. Осындай жобаларымызды бірлесіп өткізгенімізге бек қуаныштымыз.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу