Өнер додасына Астана, Алматы, Мәскеу, Дондағы Ростов, Қазан, Махачкала қалаларынан би ұжымдары келді. Шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған шараға 14 пен 35 жас аралығындағы 300-ге жуық адам қатысты. Фестиваль командалар арасында би сайысы түрінде өтті. Сонымен қатар, қатысушылар жекелей сынға түсіп, өз мықтылықтарын ортаға салды.
Дәулет Анарбеков, қатысушы:
- Ұйымдастырушылар өте көп жұмыс жасады. Шетелден бишілерді шақырған. Ол бишілер өз мемлекеттерінде өте атақты. Қазақстанның бишілері өте керемет жарыстарға шығады, өз Туымызды басқа мемлекеттерде желбіретеді.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда жастар арасында халықаралық деңгейдегі заманауи би фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/21666/)