Алматыда Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шәкен Айманов кинофестивалі өтеді

09.11.2018

Алматыда 17-21 қараша аралығында 14-ші Шәкен Айманов кинофествалі өтеді. Бұл туралы журналистерге арналған баспасөз мәжілісінде отандық киногерлер айтты. Олардың сөзінше, еліміздегі киноиндустрияны дамыту үшін осындай халықаралық деңгейдегі шараларды жиі өткізу қажет. Себебі, жарыс болған жерде алға ұмтылу болады. Мұндай қадам әлемдік деңгейде көрсететін кинокартиналардың түсірілуіне жол ашады. Жалпы, биылғы фестивальдің ерекшелігі - түркітілдес елдердің өнерін жақындату бағытында түркі халқының өмірін бейнелейтін туындыларға ерекше мән беріліп отыр.  

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек ері, Халық әртісі:

- Бұл үлкен мейрам. Сол мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Барлығын халыққа жеткізетін журналистер. Сіздерден күнделікті бізбен байланыста болуларыңызды сұраймын.

  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу