Өскеменде Рустем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде Рустем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық театр фестивалі өтіп жатыр

13.11.2018

Шараға еліміздің әр өңірінен келген өнер ұжымдары қатысуда. Фестиваль қарашаның 14-не дейін жалғасады. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, кино және театр актері, ақын, режиссер Рустем Есдәулетов қазақ өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, Өскеменде қазақ театрын қайта жаңғыртқан. Қысқа ғұмырында өзіндік қолтаңбасын қалдырып үлгерген режиссердің өмірі мен өнерінен сыр шертетін «Бөрінама» деректі фильмі көрсетілді. Фестивальді алдағы уақытта халықаралық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.  

Анар Серкебай, театр сыншысы:

- Рүстем Есдәулетов атындағы ІІ республикалық фестивальдің атқарар қызметі өте зор деп есептеймін. Өйткені, осындай кіші форматтағы спектакльдердің фестивалі біздің елде алғаш рет болып жатыр. Мұндай фестивальдің ашылуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Себебі, қазіргі таңда жас режиссерлер осындай шағын форматта, камералық сахналауда жұмыс істеуді құптап отыр. 

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу