Түркі академиясына Мажарстанның мемлекеттік туы тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі академиясына Мажарстанның мемлекеттік туы тапсырылды

13.12.2018

Түркі академиясына Мажарстанның мемлекеттік туы тапсырылды. Бұл ел жақында ғана аталған халықаралық ұйымға бақылаушы-мүше ретінде тіркелген болатын. Ту көтеру рәсіміне түркі тілдес мемлекеттердің елшілері, қоғам қайраткерлері мен түрколог ғалымдар қатысты.

Ал TWESCO басшысы Дархан Қыдырәлі уақыты келгенде Өзбекстан мен Моңғолияның туы да дәл осы жерде көтерілетініне сенім білдірді. Шара соңында елшілер Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

Академияның құрылтайшы мемлекеттері Қазақстан, Қырғызстан,Әзірбайжан және Түркия мемлекеттері. Бүгін алғашқы бақылаушы ел ретінде Венгрия туын көтеріп отыр. Академия өзі ИСЕСКО-ға бақылаушы, жақында ЮНЕСКО-ға бақылаушылық мәртебесін алуын күтіп отырмыз. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Моңғолияның академияға бақылаушылық мәртебесін тапсырады деп күтіп отырмыз.

Андраш Барани, Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның төтенше және өкілетті елшісі:

Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия мен Мажарстан мәңгілік достар болсын. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын.

Досымжан ЕРМҰРАТ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу