«Қазақстан және ғарыш» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан және ғарыш» көрмесі ашылды

01.03.2019

«Қазақстан және ғарыш». Ирландиялық белгілі фотограф Эндрю Макконнелл үшін, бұл екі сөз егіз ұғымға айналған. Оны жұртқа тереңірек түсіндіру үшін, ирландиялық маман Мәскеудегі Ғарышкерлер мұражайынан арнайы сурет көрмесін ашты. «Оралу» деп аталатын экспозицияда Халықаралық ғарыш станциясы экипаждарының жерге қонған сәті мен сол маңдағы қазақ даласының ерекше жерлері көрсетілген.

Эндрю Макконнеллге заманауи ғарыштық технологиялар мен Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан маңдағы қарапайым ауыл адамдарының тұрмысы ерекше әсер берген. «World Press Photo» байқауының екі дүркін жеңімпазы атанған ирландиялық фотографтың бұл сурет көрмесі 31-ші наурызға дейін өтеді.

Эндрю Макконнелл, ирландиялық фотограф:

- Мен ғарышкерлердің жерге оралатын сәті туралы көп еститінмін. Содан қазақ даласына, Байқоңырға келіп, осының бәрін өз көзіммен көргім келді. Осы мен куә болған ғажап сәттерді бүкіл әлем жұртшылығы да көбірек білсе екен деп суретке түсірдім.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу