«Ана мен бала». Бүгін Астанада осындай атаумен мерекелік-қайырымдылық концерті өтті. Көктемнің алғашқы мерекесі, Халықаралық әйелдер күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада әсем ән, күмбірлеген күй мен мың бұралған би де болды. Жобаны Оқушылар сарайы мен «Қарақат» мектеп-студиясы бірлесіп ұйымдастырды. Ана мен бала арасындағы тылсым махаббатты әуезді әнмен көрсеткен концерт келушілердің көңілдерінен шықты.
Ербол Іргебай, Астана қаласындағы Оқушылар сарайының директоры:
- Бұл жобаның негізгі мақсаты - осы қаламыздағы көпбалалы аналар, одан кейін Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің аналарын жинап, балаларға, аналарға жақсылап мерекелік концерт беру.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Ана мен бала» атты мерекелік-қайырымдылық концерті өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22157/)