Осы апта күллі күншығыс елі, оның ішінде Қазақ мемлекеті де әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Астанадағы басты мерекелік шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, халықты Наурыз мейрамымен құттықтады.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды. Бұл жерге ертемен ағылған халықтың легі де қалың болды. Шадыман шаттығын жетелеп келген әз-Наурызда отау құрып, болашаққа бірге қадам басқан жас жұбайлар да алаңда жүр. Елбасы оларға ақ батасын берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Осы апта күллі күншығыс елі әз-Наурыз мерекесін атап өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22279/)