«Саз пернелі Сарайшық». Атырауда алғаш рет халықаралық домбыра фестивалі өтті. Мақсат - қазақ халқының музыка саласындағы ұлттық құндылықтарын дәріптеу, дамыту және көне Сарайшық қаласын ұлықтау.
Байқау-фестивальге Қазақстанның барлық аймақтарынан және Өзбекстан, Түркия, Башқұртстан, Хакасия, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасынан өнер ұжымдары қатысты. 3 күнге созылған шара соңында додада оқ бойы озып шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда халықаралық домбыра фестивалі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22484/)