Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады. Бұл құрылым Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде құрылмақ. Орталықта Азиядағы мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Келісім құжатына Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды. Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" бағыты жайында айтты. Сондай-ақ, жастар жылына арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22607/)