Ақын Абайдың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасын Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жалғастырды.
Алматыда өткен шарада қатысушылар домбырамен ән салып, хәкім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқыды. «Абайды білген - қазақтың тілі мен дәстүрін біледі» деген ұстанымы бар түрлі этнос өкілдері жарқын жобаға қолдау көрсетті. Олардың арасында Ұлы тұлғаның өлеңдерін жатқа оқитындардың саны 100-ден асқан. Бұдан бөлек, аталған құрылым мүшелері алдағы уақытта ақынның мерейтойы аясында Семейге арнайы экспедиция ұйымдастырмақшы.
Галина Дураченко, «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы:
Абайдың философиясы, өлеңдерінің тереңдігі, ол бізге қалдырып кеткен ұлттық мирас болады деп санаймын. Сондықтан Абайды оқу керек, білу керек және де оның сөздеріне құлақ салу керек деп санаймын.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай өлеңін оқу эстафетасын ҚХА өкілдері жалғастырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22697/)