«Ботай» ойыны мектептерде үйретіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ботай» ойыны мектептерде үйретіледі

07.08.2019

Биыл теріскейдегі мектептерде «Ботай» ойыны үйірме ретінде енгізіледі. Қазірдің өзінде солтүстік өңірлерде, Нұр-сұлтан қаласындағы дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қызығушылық танытып отыр. Осыған орай ашық облыстық турнир өтті. Оған 20-дан астам үміткер қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыстың ерекшелігі қой емес жылқы асығымен ойналады. Және ережеге сәйкес төртбұрыш сызылып, соның ішіне 5 асық қойылады. Сызықтардың арасы шамамен бір табан. Сақасын шиырып, кім сызықтан көп сүйек шығарса, сол жеңімпаз атанады.

Ерлік Мұхамеджанов, СҚО жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ұйымдастырушы:

Қазақстандағы ең жас ойын. Қазіргі күні даму қарқыны көңіл көншітерлік. 18-інші жылдың желтоқсан айында бейресми турнир өткізген едік. Жарты жылдың көлемінде ашық облыстық турнир өткізіп жатырмыз. Яғни автоматты түрде республикалық жарысқа айналды. Өйткені Нұр-сұлтан қаласынан, Ақмола облысынан ойыншылар келіп отыр.


 

Хабарламаларға жазылу