![«Africa eco Race». Қазақстан құрамасы мәреге үшінші болып жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78344.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Africa eco Race» бәсекесінің үшінші кезеңінде Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Берілген қашықтықты жерлестеріміз Қанат Шағыров пен Александр Мороз 4 сағат 18 минут және 59 секундта жүріп өткен.
Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов өнер көрсеткен екінші экипаж 7-ші көрсеткіш иесі атанды. Кезеңді Франция құрамасы жеңіп алды.
Ралли қатысушыларын алда 8 кезең күтіп тұр. «Africa eco Race» жарысы қаңтар айының 11-ші жұлдызында өз мәресіне жетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Africa eco Race». Қазақстан құрамасы мәреге үшінші болып жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22773/)