![«Дакар-2014» ралли-марафоны басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78350.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Астана Моторспортс» командасының 4 мүшесі әлемдегі ең танымал және өте қауіпті автожарыстардың бірі «Дакар 2014»-тің 1-кезеңін сәтті бастады. Аргентинада өтіп жатқан дүбірлі доданың алғашқы кезеңі Росарио мен Сан-Луис елді мекенінің арасында өтті.
809 шақырымды құраған жарыс жолында жерлестеріміз жол талғамайтын көліктер арасында жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, Айдын Рахымбаев пен Владимир Демьяненко жұбы 19-шы орында, ал, Бауыржан Исабаев пен Ғабдулла Әшімов 31-ші сатыға тұрақтады.
Денис Березовский мен Игнат Фальков 71-ші. Жүк көліктері арасында өнер көрсеткен жалғыз жұбымыз 16 орыннан көрінді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Дакар-2014» ралли-марафоны басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22786/)