![Юлия Галышева үздіктер қатарынан көрінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78387.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ-тың Лэйп Плэсиде қаласында фристайлден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Могул жарысы бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Юлия Галышева бесінші нәтижені көрсетті.
Канадалық Жюстин Дюфур-Лапуан бірінші орынды иеленді. Екінші-үшінші орындар АҚШ спортшылары Хайди Клозер мен Ханна Кирниге бұйырды.
Әлем кубогының жалпы есебін Юлия Галышева 180 ұпаймен 6-шы орынға орналасты. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Дарья Рыбалова 40 ұпаймен 25-ші сатыда тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Юлия Галышева үздіктер қатарынан көрінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22860/)