![Алексей Полторанин үздік үштікте (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78403.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочи Олимпиадасы қарсаңында жерлесіміз Алексей Полторанин Польшада өтіп жатқан Әлем кубогының кезекті кезеңінде мәре сызығын үшінші болып кесті.
Ол 15 шақырымдық жарыс жолын классикалық стильмен 35:41:03 секундта бағындырды. Ал бірінші және екінші орын жерлесімізден 2 және 2,3 секундқа ерте келген ресейлік спортшыларға бұйырды.
Айта кетейік, дәл осы қашықтықта шетелдік мамандар Алексей Полторанин Қысқы Олимпиадада ел қоржынына жүлде салады деп болжам жасаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алексей Полторанин үздік үштікте (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22892/)