![Таэквандодан шеберлік сағаты өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78407.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанада Корея Республикасының спортшылары таэквондодан шеберлік сағатын өткізді. Оған Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чжо Чжонг Вонның Қазақстанға келуі мұрындық болды.
Іс-шара барысында 30-ға жуық Корей спортшысы осы саладағы шеберліктерін көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, спортшылар делегациясы алдағы күндегі жоспарларымен де бөлісті.
Олар Астанадағы спорт алаңдарын аралап, қаланың көрікті жерлерімен танысуды көздеп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таэквандодан шеберлік сағаты өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/22900/)