![Коллекционер-этнограф Баһаргүл Төлегеннің «Ұлт жауһарлары» атты еңбегі жарық көрді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_837.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Коллекционер-этнограф Баһаргүл Төлегеннің «Ұлт жауһарлары» атты фотожинағы оқырманға жол тартты. Ұлттық құндылықты ұлықтайтын туындыда 300-ден астам көне зергерлік бұйымдар туралы мәлімет жинақталған.
Еңбекте көрсе көздің жауын алатын, бояуы қанық археологиялық артефактілер, ат әбзелдері, 18-20 ғасырлардағы әшекейлік заттар және киіз үй жабдықтары бейнеленген. Кітап 2000 данамен шықты.
Ляззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коллекционер-этнограф Баһаргүл Төлегеннің «Ұлт жауһарлары» атты еңбегі жарық көрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23/)