![«Сочи-2014» мәдени бағдарламасы қонақтарға мереке сыйламақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78481.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарының мәдени бағдарламасы көрермендерге мереке сыйламақ. Ресейдің үздік әншілері мен би өнерпаздары қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін елдің барлық аймағынан жиналған.
Олардың арасында чукоттық әуен, дағыстандық лезгинка, кубандық казактардың әні, сондай-ақ, маэстро Юрий Башметтің виртуозды импровизациялары бар.
Мұндай шаралар Сочидің ондаған алаңында өтеді. Ресейдің 70 аймағынан 5000-ға тарта би ұжымдары мен әншілер өнер көрсетпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сочи-2014» мәдени бағдарламасы қонақтарға мереке сыйламақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23055/)