![Сочиде аккредитация берілмеген журналистерге арналған медиаорталық жұмыс істейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78483.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочиде аккредитация берілмеген журналистерге арналған медиаорталық жұмыс істейді. Оны РИА Новости медиахолдингі ұйымдастырған.
288 адамға лайықталған медиаорталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Аккредитация беру 2013 жылдың 1 маусымынан басталды және Паралимпиада ойындары аяқталғанша жалғасады.
Медиаорталықтың үш залы және сөйлесу бөлмелері бар. Орталық ашылған сәттен бастап мобильді қосымшалармен қатар, БАҚ өкілдеріне арналған СМС-сервис қойылады.
Жобаның басты мақсаты – Сочидің бас корпусынан рұқсат ала алмаған журналистердің Олимпиадалық жаңалықтардан хабардар болуына жағдай жасау.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сочиде аккредитация берілмеген журналистерге арналған медиаорталық жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23059/)