![«KAZsport» телеарнасынан Олимпиада ойындарының көрсетілімі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78514.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сочидегі Олимпиада ойындарының алғашқы іріктеу ойындары бүгін басталды. Сноуборд сайысын «KAZsport» телеарнасы күндізгі сағат 11.55-те тікелей эфирде көрсете бастады.
Сочидегі Олимпиада ойындарын сондай-ақ, «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Қазақстан аумағында ойындарды көрсету үшін аталған екі телеарнаға айрықша құқық берілген.
Ал Олимпиаданы басқа жолдармен немесе рұқсатсыз көрсеткендер қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«KAZsport» телеарнасынан Олимпиада ойындарының көрсетілімі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23123/)