Сочиде өтіп жатқан ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының алғашқы бәсекесі аяқталды. Алғаш болып «Роза Хутор» экстрим-саябағында слоупстайлдан сноубордшылар сынға түсті.
Сочи Олимпиадасына қатысқан бірінші спортшы – британдық Билли Морган болды. Ол іріктеу кезеңінде 6-шы нәтижені көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл бәсекеде ең жоғары нәтижені норвегиялық Сталле Сандбек (суретте) көрсетті. Екінші және үшінші орында – фин Пеэту Пииройнен мен канадалық Себастьен Тутан.
Слоупстайл бәсекесінде жартылай финал және финалдық бәсекелер 8 ақпан күні өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сочи Олимпиадасына қатысқан бірінші спортшы – британдық Билли Морган&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23125/)