![Ұлттық құраманың бас бапкері Ю.Красножан атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78535.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып Юрий Красножан тағайындалды. Қазақ футболының жанкүйерлерін бұл сұрақ 2013 жылдың 31 желтоқсанынан мазалап келген.
50 жастағы ресейлік маман ел футболшыларын енді 2 жыл жаттықтырмақ. Бұл ақпарат бүгін Футбол федерациясы ұйымдастырған арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. Айта кетейік, Юрий Красножан Ресейдің белгілі «Кубань», «Анжи», «Локомотив» сынды клубтарын басқарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық құраманың бас бапкері Ю.Красножан атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/23166/)